Астана айналма жолының бір бөлігіндегі қозғалысқа 15 маусымға дейін шектеу енгізіледі
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ Астана қаласының айналма жолының 8–22 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 15 маусымға дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілетінін хабарлайды.

Жөндеу кезеңінде Қарағанды бағытына қатынайтын көліктер үшін балама бағыт ұйымдастырылды. Жүргізушілер Костанай, Көкшетау, Қосшы және Қарағанды бағыттары арқылы қозғалу мүмкіндіктері бар.
Компания өкілдерінің айтуынша, жол бойына қажетті жол белгілері мен ақпараттық көрсеткіштер орнатылады. Мамандар жүргізушілерге сапар бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауға, сондай-ақ белгіленген жылдамдық режимі мен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін мен жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Әдемі МАДИЯРҚЫЗЫ
Е.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ ІІ курс студенті



