Аймақ

Қарағандыда экосаябақ аумағына тағы мың түп ағаш отырғызылды

Қарағандыда аумағы 200 гектар болатын ірі экосаябақ қалыптасып келеді. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Көгілдір тоғандар мен Оңтүстік-Шығыс арасындағы аумақта тағы мың түп ағаш егілді. 

Суреттер AMANAT партиясынан

Экологиялық бастамаға партия депутаттары, бастауыш ұйым өкілдері, белсенділер, еріктілер және «Жастар Рухы» жастары қатысты.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жаңа жасыл аймақтардың қала үшін маңызды екенін атап өтті. Ал облыстық филиал төрағасы Бекзат Алтынбеков мұндай акциялар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жас көшеттер – болашаққа, туған жерге деген қамқорлық пен сүйіспеншіліктің символы.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button