Қарағандылық Аида Тойшыбекова Grand Slam турнирінде қола жүлде алды
Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турнирінде қарағандылық дзюдошы Аида Тойшыбекова қола жүлдеге ие болды. Аталған жарыс Халықаралық дзюдо федерациясы ресми күнтізбесіне енгізілген және әлемдік маусымдағы ең беделді турнирлердің бірі саналады. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстанның дзюдодан ұлттық құрамасы жалпы командалық медаль есебінде үздік үштікке енді.

Биыл Астанада өткен додаға 36 елден 295 спортшы қатысты. Турнирдің маңызы зор, себебі мұнда 2028 жылы 2028 Summer Olympics ойындарына жолдама алуға қажетті рейтингтік ұпайлар сарапқа салынды.
Аида Тойшыбекова +78 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Оның айтуынша, жарыс жоғары деңгейде өтіп, әр белдесу үлкен дайындық пен табандылықты талап еткен.

– Белдесулер өте тартысты өтті. Қарсыластардың барлығы мықты әрі тыңғылықты дайындалған. Тәжірибелі спортшылармен күресуге тура келді. Әр кездесу барынша жинақылық пен толық күш салуды талап етті, – дейді спортшы. – Кей сәттерде сенімділік, ал шешуші кезеңдерде тәжірибе мен сабырлылық сәл жетіспеген шығар. Дегенмен мұндай жарыстар үлкен тәжірибе беріп, алдағы уақытта бұдан да көп еңбек етуге жігер береді.
Қазақстан құрамасы сапында Қарағанды облысының намысын 90 келіге дейінгі салмақта Ақжол Дүйсенбаев пен 100 келіге дейінгі салмақта Асқар Біржанов қорғады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz



