Бас тақырыпСпорт
Қарағандылық боксшы Аида Әбікеева Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды
Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өткен World Boxing Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді.

65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қарағандылық Аида Әбікеева финалға дейін жетіп, жарысты күміс медальмен аяқтады. Жартылай финалда ол бельгиялық спортшыны 4:1 есебімен жеңсе, финалда өзбекстандық қарсыласына жол берді.
Спортшы алдағы басты мақсаттарының бірі – Азия ойындары екенін атап өтіп, қателіктермен жұмыс істейтінін жеткізді.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



