Бас тақырыпСпорт

Қазақстан боксшылары Әлем кубогында алғашқы алтын медальді иеленді

olympic.kz  хабарлауынша, Қазақстан құрамасы бокстан Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде алғашқы алтын медалін жеңіп алды.

Сурет olympic.kz

60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева үздік атанып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Финалда қазақстандық боксшы бразилиялық Ребекка Сантоспен кездесіп, төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, финалда сондай-ақ, қазақстандық спортшылар Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары) және Сұлтанбек Айбарұлы (85 келіге дейін) өнер көрсетеді.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button