Спорт

Ереванда ерледі

Қарқаралылық Мәдина Ержан Армения елінің астанасы Ереванда самбо күресінен өткен әлем кубогында қола жүлдегер атанды.

Сурет автордан

Қоянды ауылының балуан қызы 80 килограммдық салмақ дәрежесінде күрескен болатын. Жартылай финалға дейін сүрінбей жеткен Мәдинаның бұл табысы – тынымсыз еңбектің, табандылық пен кәсіби шеберліктің нәтижесі. Саңлақ спортшының бұл жетістігі үлкен спортқа құлаш ұрған жеткіншектерге өнеге болатыны күмәнсіз.

Мәдина Ержан алдағы уақыттарда да халықаралық, әлемдік додаларда жеңістің биік тұғырынан көрінетініне жерлестері күмән келтірмейді.

Грек-рим күресі – елімізде кең тараған және олимпиадалық спорт түрі болғандықтан, мұндай жетістіктер жас буынның спортқа деген қызығушылығын арттырады.

Ермек БАЛТАШҰЛЫ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button