Бас тақырып

Жарқыра, шырша шамдары

Қарағандыда Тәуелсіздік алаңында бас шыршаның шамдары жағылды. Аталмыш шараға Аяз ата, Ақшақар мен оның достары өткен жыл, яғни, қоян жылын шығарып салып, ұлу жылын қарсы алды.

Суреттерді түсірген автор

Алаңда ине шаншар орын жоқ. Күллі жұрт осы бір керемет көріністі тамашалауға жиналған. Барлығының көңіл күйі көтеріңкі. Әрі ауа райы да – тамаша. Ана бір жерде кішкентайлар «Аяз аталап» тұр. Мына бұрышта әсем әннің ырғағымен тербелген жастар. Үлкендеріміз де осында, немерелерін жетелеп келіпті. Бар назар – сахнадағы Аяз атада. Себебі, жыл кейіпкерлері «Бізге қандай тосын сый ұсынады?» деген үміт басым бойда.

– Биыл Тәуелсіздік алаңына биіктігі 20 метр болатын шырша қойылды. Былтыр осы жерде тұрған шыршаны С.Сейфуллин атындағы қазақ драмма театрының алдына қойдық. Одан бөлек, қалаға жеті шырша қойылған. Сонымет қатар, «Жеңіс», «Орталық» және «Майқұдық» саябағына жаңадан үш шырша орнатылған, – деді Қарағанды қаласының саябақтар мен скверлер басқармасының директоры Талғат Байтохин. 

Биылғы шеру – былтырғыдан өзгерек. Әуелі қала қонақтары үшін лазерлі шоу қойылды. Аяз ата мен Ақша қар жыл символымен бірлесе билеп, өлең айтты.

– Сонымен қатар, үш саябақта мұз айдыны ашылады. Ауа райына байланысты мұз айдындары кейінірек ашылады. Коньки жалға алушылар үшін баға былтырғыдай өзгеріссіз қалады. Яғни, 500 теңге. Ал, өз конькилерін алып келгендерге сырғанау – тегін, – деді Талғат Нұрғазыұлы.

Шара мерекелік концертке ұласты. Өнер адамдары қала тұрғындары үшін әннен шашу шашты.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button