«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының ІІІ кезеңі қорытындыланды

Елордамызда «100 жаңа есім»  жобасының  үшінші кезеңі қорытындыланып, 32 жеңімпаз анықталды. Жиырма бес қатысушы онлайн дауыс беру нәтижесінде ең жоғары көрсеткішке қолжеткізіп, қара үзіп шықты. Сондай-ақ, қазылар тарапынан 7 қатысушы ұсынылды. Жоба жеңімпаздарының қатарында қарағандылық Абылайхан Жүсіпов пен Иван Снегуров бар. 

Жобаға мыңнан астам үміткер қатысқан. Жеңімпаздарды анықтау барысында қатысушылардың жинаған дауыстарының саны ғана емес, олардың жетістіктері де таразыланған.