Облыс әкімінің есебі қарсаңында

Жастар саясатының жүзеге асырылуы: келешегі мен дамуы

Облыстың әрбір бесінші тұрғыны – жас адам. Аймақта 14-28 жас аралығындағы жастар саны – 261 153 адамды құрайды (19%). Оның ішінде қалаларда – 196 194 адам (75,1%), ауылдық жерлерде – 64 959 адам (24,9%) тұрады.

Жастардың түрлі санаттарын барынша қамти отырып, жастар саясаты саласындағы жұмысты ұйымдастыру ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауын (01.09.2021 жылы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі»), сондай-ақ «Қазақстан Республикасының жастарын қолдау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар», «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы және басқа да бағдарламалық құжаттарды іске асыру шеңберінде жүргізіледі.

2021-2022 оқу жылында облыстың 9 жоғары оқу орны студенттерінің саны – 41 192 адамды құрайды, оның ішінде күндізгі бөлімде – 29 460 адам. Басқа қалалардан келген студенттер – 16 691, шетелдік студенттер – 1 955 адам.

Колледждерде – (67) 38 304 студент, мектептерде (496) – 14 жастан асқан – 74 056 жеткіншек оқиды. Облыста 1 облыстық және 18 өңірлік жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді.

Облыс бойынша 87 жастар ҮЕҰ ресми тіркелген, олардың ішінде белсенділері: «Жас Отан» ЖҚ, «Қазақстан студенттер Альянсы», «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы», «Қарағанды облысының Жастар одағы», «Жас Орда» жастар қауымдастығы», «Jarkyn bolashaq» және басқалары. Облыс әкімінің, өңірлер әкімдерінің төрағалығымен өткен жастар ісі жөніндегі кеңестердің отырыстарында, жастар саласы бойынша өзекті мәселелері жүйелі түрде талқыланып, шешімдері қабылданады. 2021 жылы ЖІК 59 отырысы өткізілді, 168 мәселе қаралды (оның ішінде 2 облыстық ЖІК отырысы, 4 мәселе).

Жалпы, жұмыс мемлекеттік жастар саясатының барлық бағыттары бойынша, бірінші кезекте ерекше назар аударуды талап ететін мәселелер бойынша жүргізілді.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында (01.01.2022 жылы) жастар арасынан 14 742 адам жұмысқа орналастырылды немесе жалпы жұмысқа орналастырылғандардың 39% (37 478 адам). «Жастар практикасы» (2020 жылы – 1 436 адам, 2021 жылы – 1041 адам), «Бірінші жұмыс орны» (2021 жылы – 132 адам), «Дипломмен – ауылға» (466 маман немесе 79% көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредиттер алды), «Жасыл ел» (2020 жылы – 1413 адам, 2021 жылы – 1889 адам) жобалары табысты іске асырылуда. «Жасыл ел» туралы айта кетейін, біз жастар еңбек жасақтарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеп, өңірлерге жеткіздік. «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша – «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту»: – «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 595 адам жіберілді немесе 33% (барлығы 1816); – 480 грант берілді немесе 39% (барлығы 1230). – бизнес-жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырған бағдарлама қатысушыларына 217 шағын несие берілді немесе 24% (барлығы 909);

Жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға үнемі көңіл бөлінеді. Бизнесті қолдауға арналған мақсатты гранттардың жалпы бюджеті 6,6%-ға ұлғайтылып, 282,8 млн. теңгені құрады (321 адам). 2022 жылға гранттар сомасын 2,0 млн. теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда.

Осыған ұқсас жобалар облыстың барлық қалалары мен аудандарында іске асырылуда. 2021 жылы жалпы сомасы 182,8 млн. теңгеге (2020 жылы – 165,2 млн. теңге) 221 грант (2020 жылы – 124 грант) бөлінді. Жас кәсіпкерлердің қызметіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.

Статистика органдарының деректеріне сәйкес, 2021 жылғы ІІІ тоқсанда жастар жұмыссыздығының деңгейі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,8%-ға төмендеді (2020 жылғы ІІІ тоқсан – 5,1%, 2021 жылғы ІІІ тоқсан – 4,3%); NEET-жастардың үлесі 2,1%-ға төмендеді (2020 жылғы ІІІ тоқсан – 12,0%, 2021 жылғы ІІІ тоқсан – 9,9%). Бірнеше жылдан бері облыста жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің кешенді жоспары жүзеге асырылуда. 2020-2022 жылдар аралығында облыс өңірлерінде барлығы 669 пәтер бөлінеді (2020 жылы – 166, 2021 жылы – 252, 2022 жылы – 251), 01.01.2021 жылы жағдай бойынша 232 пәтер бөлінді (92%). Облыс қалаларында 171 пәтер, аудандарда – 61 пәтер. Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің тағы бір шарасы – Елбасының Үшінші әлеуметтік бастамасы аясында жатақханалар салу және реконструкциялау. 2025 жылға дейін облыс бойынша 1382 төсек-орынға арналған 7 жатақхана пайдалануға беріледі.

2021 жылы 482 төсек-орынға арналған 5 жатақхананы пайдалануға беру жоспары орындалды.

Әлеуметтік сала мен агроөнеркәсіптік кешеннің жас мамандарына пәтер бөлу «Дипломмен – ауылға» жобасы аясында да жүзеге асырылады. 2021 жылға 233 маманға (127 – білім беру, 54 – денсаулық сақтау, 9 – мәдениет, 13 – спорт, 8 – агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, 22 – мемлекеттік қызметшіге) тұрғын үй сатып алу үшін 1 млрд. теңгеден (1022,5 млн. теңге) астам сомаға бюджеттік кредит бөлінді.

Көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредиттер алған мамандардың жалпы санынан жастардың үлесі 79%-ды құрады. Бұл 29 жасқа дейінгі 466 маман (592 маманнан).

Облыста волонтерлік қозғалысты дамыту бойынша іс-шаралар кешені іске асырылуда. Еріктілердің аймақтық фронт-кеңсесі жұмыс істейді. 2021 жылы 741 іс-шара өткізіліп, 25 524 адам қамтылды. «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында еріктілер қозғалысын дамыту және қолдау жөніндегі жобаларды іске асыруға қаржыландыру көлемін жыл сайын арттыру жоспарланған. 2022 жылы облыстың волонтерлік ұйымдары арасында 5 млн. теңге сомасына гранттар конкурсын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Еріктілердің жекелеген бастамаларын бизнес қауымдастық қолдайды. Мысалы, дарынды жастарды қолдау қоры «JasFund» құрылды (5 млн. теңге), оларға республикалық және халықаралық конкурстарға қатысу үшін, БЖК дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру үшін қаржылық көмек көрсетіледі. 2021 жылы әлеуметтік желілерде «JasPro» бірыңғай аккаунты, Instagram, Facebook желілерінде жұмыс ұйымдастырылды.

Облыста 12 коворкинг-орталық (Балқаш, Жезқазған, Приозерск, Сәтбаев қалалары, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Шет, Бұқар жырау аудандары), облыс орталығында 2 коворкинг («Good zone» және «Qoldau» еріктілер орталығы) жұмыс істейді. 2021 жылдың желтоқсан айында Бұқар жырау ауданында (Ботақара кенті) 2 коворкинг-орталық ашылды. Республикалық бюджеттен 7,5 млн. теңге бөлінді, Жезқазған қаласындағы «Жастар сарайы» Жастар үйінде IT-технологиялар, генезис кабинеті бар «Бірлік» еріктілер штабы жұмыс істейді. Астыңғы қабатында үстел теннисі ойындары, садақ ату, шахмат, дойбы және басқалары бар). Осылайша, 2022 жылы жастар саласының өзекті мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады:

1) облыс жастарын тұрғын үймен қамтамасыз ету:

жас мамандарға арналған ипотекалық бағдарламаны іске қосу (100-ден кем емес ипотекалық қарыздар);

жетім балаларға тұрғын үй бөлу бойынша кешенді жоспарды іске асыру (251 пәтер);

Қарағанды медицина университетінің студенттер жатақханасын іске қосу (400 төсек-орын).

2) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмысқа орналастыру:

грант сомасын ұлғайта отырып, жастар кәсіпкерлігін қолдау (2,0 млн. теңгеден 100 грант);

жастар арасында кәсіби дағдыларды қалыптастыру бойынша курстар (мобилография, веб-әзірлеу, графикалық дизайн және т. б.);

– «Жасыл ел» МТҰ қызметін жаңарту яғни, автоматтандыру және қатысушылар үшін жағдайды жақсарту.

3) жобалар мен іс-шаралар:

әскери-патриоттық жұмысты күшейту (ҚІД-мен бірлесіп, әскерге шақырылуға дейінгі жастармен жұмыс);

ұйымдастырылмаған және NEET-жастармен жұмыс (атаулы ақпараттық және консультациялық жұмыс, бос уақытты ұйымдастыру);

өңірлердің ЖРО кадрлық әлеуетін дамыту (оқыту іс-шаралары, семинарлар мен тренингтер).

4) «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының индикаторлары:

жастарды волонтерлік қызметке тарту (82,6 мың адам, фронт-офис жұмысын жандандыру);

жастардың әлеуметтік қызметтерімен қамту (41,9 мың адам);

экологиялық жобалармен қамту (8,9 мың адам);

Eljastary инфонавигаторының қатысу деңгейі (48,9 мың).

Қорытындылай келе, 2021 жылы мемлекеттік жастар саясаты саласында айтарлықтай жұмыс жүргізілгенін атап өтемін. Сонымен қатар, біз жастардың шығармашылық әлеуетін ашу және өзін-өзі таныту үшін жағдайлар мен ынталандырулар жасау бойынша жұмыстың тиімді әдістерін іздестіруді жалғастырудамыз.

Біржан ӘЛІМЖАНОВ, Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button