Сапалы құрылыс — қауіпсіздік негізі

Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы облыс аумағында сәулет-құрылыс қызметі саласындағы қадағалау-бақылау органы және көрсетілетін қызметті беруші болып табылады. Оның негізгі мақсаты мен қызметтері:

– объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

– салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;

– жұмыстарды және инжинирингтік қызметтерді лицензиялауды жүзеге асыру;

– жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу. Бақылау және қадағалау жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ, мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштерді қарау және тексерулер жүргізу кезінде ҚМЖ басталуы туралы хабарламалар бойынша құрылыс объектілеріне мониторинг және тексеріс жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Басқарманың бақылауында бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени нысандар және құрылыс салушылардың өз инвестициялары есебінен салынып жатқан 150-ден астам нысан бар. Басқарма 2021 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы 1 331 хабарлама қабылдады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда құрылыс объектілері санының 4% өскенін көрсетеді. Өткен жылы басқарма сәулет-құрылыс бақылауы мәселелері бойынша 79 бақылау-қадағалау тексеру іс-шараларын жүргізді және келесі сипаттағы 259 әкімшілік іс қозғады:

– мемлекеттік нормативтерді бұзу, ҚР Әкімшілік кодексінің 312-бабы бойынша 8 342 620 тг сомаға – 18 іс;

– белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, ҚР Әкімшілік кодексінің 314-бабы бойынша 4 238 401 тг сомаға – 9 іс;

– ЖСҚ және сараптамасыз ҚМЖ жүзеге асыру, ҚР Әкімшілік кодексінің 316-бабы бойынша 16 411 112 сомаға – 55 іс;

– авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, ҚР Әкімшілік кодексінің 317-бабы бойынша 3 937 950 тг сомаға – 11 іс;

– инжинирингтік қызметтерді бұзу, ҚР Әкімшілік Кодексінің 317-1-бабы бойынша 2 917 950 тг сомаға – 4 іс;

– объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, ҚР Әкімшілік Кодексінің 318- бабы бойынша 3 019 095 тг сомаға – 10 іс;

– әкімдіктің жер учаскесін бөлместен, заңсыз құрылыс жүргізу – ҚР Әкімшілік кодексінің 319-бабы бойынша 87 510 тг сомаға – 2 іс.;

– тапсырыс берушілердің авторлық және техникалық қадағалаусыз объектілерді салуы ҚР Әкімшілік кодексінің 321-бабы бойынша 7 468 979 тг сомаға – 28 іс; – азаматтардың пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, ҚР Әкімшілік кодексінің 322-бабы бойынша 752 586 тг сомаға – 12 іс;

– бекітілген тәртіпте пайдалануға берілмеген объектілерді заңсыз пайдалану, ҚР Әкімшілік кодексінің 323-бабы бойынша 396 712 тг сомаға – 6 іс;

– Басқарманың нұсқамаларын орындамау, ҚР Әкімшілік кодексінің 462-бабы бойынша 875 1005 тг сомаға – 5 іс;

– Басқармаға хабарламай құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау, ҚР Әкімшілік кодексінің 463-бабы бойынша 5 654 691 тг сомаға – 98 іс;

– лицензиялау нормаларын бұзу, ҚР Әкімшілік кодексінің 464-бабы бойынша 204 190 тг сомаға – 1 іс.

Басқарма қаулыларға сәйкес 38 100 466 теңге сомасына 259 айыппұл салды, сондай-ақ, облыстың әкімшілік соттарына қарау үшін жолданды, олар 16 205 480 теңге айыппұл салды. Техникалық қадағалауды жүргізуге сарапшылардың 3 аттестатының қолданысы тоқтатылды («Стройтехнология» ЖШС сарапшысы – Р.Н.Елеусизов, «RAKADA Group» ЖШС – Б.Қ.Қазыбек, «Нурай-Сервис» – Т.Т.Дюсенбеков). Сот шешімі бойынша 2 лицензиаттың («Іскер қала» ЖШС, «Сарыарқа Energy» ЖШС) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға лицензияларының қолданысы тоқтатылды. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензия алу кезінде көрінеу жалған ақпарат бергені үшін 1 лицензиат («КазСтройИнвест-2030» ЖШС) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көрсетілетін қызметті алушының лицензиясын алу кезінде құжаттарды қолдан жасау жөніндегі материалдар («Life Stroy Invest» ЖШС) тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді. Жұмыс жобалары бойынша сараптамалық қорытындыларды қолдан жасаудың 3 фактісі анықталды:

– «Дүкен құрылысы», Сәтбаев қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 25а;

– «Банкет залының құрылысы», Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы, 120;

– «Өнеркәсіптік базаның құрылысы», Жезқазған қаласы, Степная көшесі, 1, молзавод ауданы.

Қолдан жасау бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін сараптама ұйымдарының палатасына, ҚР ИИДМ құрылыс және ТҮКШ істері жөніндегі комитетіне және құқық қорғау органдарына жіберілді. 2021 жылдың 12 айында 1 288 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

– лицензиялау бойынша 829 мемлекеттік көрсетілетін қызмет (беру немесе қайта ресімдеу) көрсетілді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 13% артық (733 мемлекеттік көрсетілетін қызмет);

– сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 454 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілді, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 46%-ға көп (312 мемлекеттік көрсетлетін қызмет);

– ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 5 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2020 жылға қарағанда 29% аз (7 мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

Апта сайын онлайн-режимде азаматтарды жеке қабылдау жүзеге асырылады, әлеуметтік желілер арқылы қызықтыратын сұрақтарға жауаптар беріледі; 43-22-43 сенім телефоны, хаттар мен өтініштерге арналған жәшік жұмыс істейді. Басқарма қызметкерлерінің өтініш берушілермен байланысын барынша азайту үшін лицензиялау бойынша мемлекеттік қызмет, құрылыс жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаларды қабылдау, аяқталған объектілерді енгізу бойынша салыстырып тексеру өтініш берушілермен тікелей байланыссыз ақпараттық базалар арқылы ұсынылады. Құрылыс субъектілеріне (тапсырыс беруші, техникалық қадағалау) заңнаманың талаптары және олардың құрылыс кезінде сақталуы туралы ұсыным хаттар жіберіледі. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы талаптар туралы ақпараттандыру бойынша белсенді жұмыс өзекті ақпаратты, заңнамалық базаны және пайдалы сілтемелерді, оның ішінде ашық деректер порталын орналастыру арқылы Ресми сайтта жүргізіледі https://www.gov.kz/ memleket/entities/karaganda-gask. 2021 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жан-жақты терең ішкі талдау жүргізілді, оның нәтижелері ұсынымдармен бірге уәкілетті органға – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне жолданды.

Қайрат КАМЗИН, Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы.