Облыс әкімінің есебі қарсаңында

Жерді ұтымды пайдалану – әрбір жер пайдаланушысының міндеті

Жер мәселесі – мемлекеттің, тұтас алғанда бүкіл қоғамның және жеке алғанда елдің әрбір азаматының мүдделерін қозғайтын ең өзекті және күрделі мәселелердің бірі.

2021 жылы «Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-нің қызметі жерді мақсатты және ұтымды пайдалану мен оны қорғау мәселесін шешуге бағытталды.

2021 жылы облыс аумағы өзгеріссіз қалып, 42 миллион 798 мың гектарды құрады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 2020 жылмен салыстырғанда 1 миллион 696 мың га. ұлғайып, 18 миллион 37 мың га. жетті.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге бекітілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің көлемінің ұлғаюы босалқы жерлерінен конкурс арқылы берілген жерлер есебінен болған.

2022 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша босалқы жерлердің көлемі 13 миллион 128 мың гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1 миллион 698 мың гектарға азайған.

Елді мекендердің жерлері 4 миллион 121 мың гектарды құраса, өткен жылмен салыстырғанда Абай, Шет аудандары мен Балқаш, Теміртау қалаларындағы елді мекендер шекарасының өзгеруіне байланысты 2 мың гектарға қысқарды.

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер 181 мың гектарды құрап, 4 мың гектарға артты.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени аумақтардың жерлері 550 мың гектарды құрады.

Орман қорының жерлері 190 мың гектарды құрады.

Су қорының жерлері 50 мың гектарды құрады.

Облыста босалқы жер қорынан және пайдаланудан тыс қалған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту жұмыстары жүргізілді.

2021 жылы ауыл шаруашылығы айналымына ауыл шаруашылығы тауар өндірісін дамыту үшін аудан, қала әкімдіктерімен ауыл шаруашылығы айналымына босалқы жерлерден конкурстар арқылы жылдық жоспардағы 645 мың гектардың орнына нақты 1 миллион 12,9 мың га. ауыл шаруашылығы жерлер тартылған, оның ішінде 24 мың га. – егістік, 964 мың га. – жайылым, 5 мың га. – шабындық. Айналымға тартудың жылдық жоспары 157%-ға орындалды. Бұл тұрғыда Жаңаарқа (156%), Қарқаралы (242%), Нұра (227%), Шет (203%) аудандары мен Жезқазған (523%) қаласының әкімдіктері жұмыстарын белсенді атқарды.

Ауыл шаруашылығын цифрландырудың басты міндеті – өнімнің өзіндік құнын төмендету, оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Сонымен, өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру арқылы егістіктердің электронды картасы қалыптасады.

Бүгінгі күні Қарағанды облысындағы егістік алқаптары мен көпжылдық екпелердің электронды карталары толығымен қалыптастырылды. Жайылымдық жерлердің 91,2%, шабындықтардың 87,2% цифрландырылды.

Қарағанды облысының әкімдігімен жер қойнауын пайдалану мақсатында 19 879 гектар жер беру туралы 100 қаулының жобасы қабылданды.

Республикалық бюджетке аударылуға жататын ауыл шаруашылығы өндірісі шығындарының сомасы 265 509 113 теңгені құрайды.

«Кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 1283 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 маусымдағы №400 қаулысын орындау мақсатында «Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалаларының және Ұлытау ауданының 2019-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамыту Кешенді жоспарын бекіту туралы» Жезқазған кентіндегі жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қою туралы 8 қаулы жобасы дайындалды.

Сондай-ақ, басқарма Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Жер жалдау шарттарын бұзу және жерді мәжбүрлеп қалпына келтіру туралы» 18 талап-арыз берілді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес рекультивациялық жобада жер қойнауын пайдалану объектілері алып жатқан жер учаскелерін одан әрі пайдалану және шаруашылығы айналымына тарту үшін қолайлы жағдайға келтіру шаралары қарастырылған.

Сонымен қатар, шарттық міндеттемелердің орындалмауына байланысты жер пайдаланушыларға «Жер жалдау шарттарын бұзу және жерді мәжбүрлеп қалпына келтіру туралы» 32 хабарлама жіберілді.

2021 жылы 565 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, барлығы уақытында көрсетіліп, ескертусіз болды.

2021 жылы шағын және орта бизнесті дамыту бойынша 41 аукцион өткізіліп, онда коммерциялық мақсатта көлемі 148,6 га. 193 жер учаскесі сатылды. Сатылған учаскелерден бюджетке түскен сома 298 851 939 теңгені құрады.

Қазақстан Республикасының азаматтары бос жер учаскелерін қалалар мен аудандар әкімдіктерінің ресми сайттарынан көре алады.

Қазіргі уақытта бос жер учаскелерін қараудың ашық көзі Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасы болып табылады (aisgzk.kz сайты).

Жыл басынан бері облыста Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің базасында әкімшілік-аумақтық бірлік кескінінде қолданыстағы жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер алу кезекті ашық бірыңғай тізілімге енгізу жұмыстары жүргізілуде. Осы бағыт бойынша жұмыстар жалғасуда.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелерінің пайдаланылуы деңгейі әр уақытта бақылауда.

Облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін азаматтарға 2005 жылдан бері қарай 16 388 учаскелері берілді, оның ішінде есептік жылы 615 учаске берілген. 2022 жылы жеке тұрғын үй құрылысына 1 449 жер учаскесін беру жоспарлануда. 2021 жылға арналған жер қатынастары мәселелері бойынша ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Медиа-жоспарына сәйкес облыстың қалалары мен аудандарында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен, шағын және орта бизнес өкілдерімен, бюджеттік ұйымдар өкілдерімен және т. б. жер заңнамасын түсіндіру бойынша 170 кездесу өткізілді.

Сонымен қатар, басқармамен «SARYARQA» телеарнасының «Ойталқы» бағдарламасына «Жер мәселесі», «Жер телімі тиімді игерілуі керек», «Жайылым жерлер және оны тиімді пайдалану туралы» бойынша пікір алмасуына қатысқан және «Арқа Агро» телебағдарламасына «Ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді тиімді игеру» тақырыбында сұхбаттар берілген.

2021 жылы халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында Нұра ауданында 178 мың га., Осакаров ауданында 7,8 мың га., Қарағанды қаласында 0,1 мың га. алқапты бірлесіп пайдалану туралы меморандумдарға қол қойылды.

Абай ауданында жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары негізінде елді мекендерден тыс жерлерде 56,0 мың га. жайылым резервтелді.

Бұқар жырау ауданында елді мекендердің жерлеріне мемлекетмұқтажы үшін 1,2 мың гектар жер алынды.

Сондай-ақ, АЖБ (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру) деректер базасын қайта қараудың нақтылаулары бойынша жайылымдық жерлердің қолжетімділігі 5,7 мың гектарға артты.

2022 жылы елді мекендерден тыс жерлерге: Ақтоғай ауданында 15,5 мың га., Нұра ауданында 108,5 мың га., Жаңаарқа ауданында 50 мың га., Шет ауданында 30,3 мың га. жерді резервтеу жоспарлануда.

Сонымен қатар, жер қатынастарын реттеу тек жер учаскелерін берумен шектелмейді.

Жерді тиімді және ұтымды пайдалану мақсатында жер пайдаланушылар мен жер учаскелерінің иелері қолданыстағы жер заңнамасының барлық нормаларын сақтауы қажет.

Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану мақсатында жер пайдаланушыларға топырақтың құнарлылығы мен жердің мелиоративтік жай-күйінің айтарлықтай төмендеуіне жол берілмеуін қамтамасыз ету қажет.

2021 жылы АЖБ базасын қайта қарау арқылы облыста нысанға бармай пайдаланылмай жатқан 1 млн. 242,7 мың га. ауыл шаруашылығы жері анықталды (1 миллион 230,4 мың га. – жайылым, 12,4 мың га. – егістік жерлер).

Анықталған жерлер бойынша аудан, қала әкімдіктерімен мынадай шаралар қабылданды: 337,7 мың га – жер игеріле бастады, мал басы АЖБ деректер қорына тіркелді (336,6 мың га. – жайылым, 1,1 мың га. – егістік жер). 33,6 мың гектар – жер салығы он есе өсті. 155,3 мың га. – өз еркімен қайтарылған (154,2 мың га. – жайылым, 1,1 мың га. – егістік жер). 5,8 мың га. (5,7 мың га. жайылым, 0,1 мың га. – егістік жер) – шартты сот шешімімен біржақты бұзу. 710, 3 мың гектары жергілікті атқарушы органдардың қарауында, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде (700,1 мың га. – жайылым, 10,2 мың га. – егістік).

2022 жылы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттік тексеру арқылы алып қою және жалға беру шартын сот тәртібімен біржақты бұзу бойынша бекітілген жол картасына сәйкес 993,2 мың га. жайылымдық жерлерді қайтарып алу жоспарлануда.

Сондай-ақ, мониторингке алынған жерлермен www.Qoldau.kz веб-порталында жұмыс жүргізілді.

2021 жылы жерді ұтымды пайдалану мониторингі бойынша барлығы 3 746 учаске мониторингке қойылды, оның ішінде 3 730 жер учаскесі құрылып, жер пайдаланушыларға хабарланды. Бүгінгі таңда босалқы жерлердің көп бөлігін жайылымдық алқаптар алатынын назарға ала отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (жайылым пайдаланушылар) Қазақстан Республикасының

«Жайылымдар туралы» Заңының нормаларын міндетті түрде сақтау қажет. Облыс бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарлары аудан мен қаланың барлығында бекітілген. Жайылымдарды ұтымды пайдаланудың негізгі шарты ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының болуы, жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің болуы және олардың жай-күйі.

Қорытындылай келе, жерді ұтымды пайдалану – Қазақстан Республикасының әрбір жер пайдаланушысының міндеті бола тұра, жерді ұтымды және тиімді пайдалану керек екенін айта кетемін.

Жер қатынастары саласында кеңес алу және жер заңнамасының нормаларын түсіндіру қажет болған жағдайда азаматтар 8-7212-56-08-99 телефоны арқылы хабарласа алады.

Дарын БҰЛҚАЙЫР, Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button