Руханият

Бағдат Мүбәрәк “Дұға” өлеңі

ДҰҒА

Айналайын, Бостандық!
Үркерге ұқсап сен ауғанда басымнан,
Қаным – судай шашылған.
Бекзаттарым атылған һәм асылған,
Ғазалыммен дұға сұрап отырмын,
Мынау, ғазиз ғасырдан!

Айналайын, Азаттық!
Бода-бода жаспен келген бұл арман,
Қырық құрау ұлттан құралған.
Боздап жүріп, әрең шықтық тұманнан,
Күлтегіннің ұрпағы ғой кәуірдің,
Күл-талқанын шығарған!

Айналайын, Еркіндік!
Кек сақтамай өткен күнді кешірдім!
Балақ бауым шешілдің.
Күн астында армансыз бір көсілдім,
Жаһан жұртын аузыма әлі қаратам,
Жағасында –Есілдің!

Тәуелсіздік –Тұмарым!
Тұраным сол, аман-есен қалдың ба,
Арда туған азаматтар бар мұнда,
Аяқтарын шалдырма, қанаттарын талдырма.
Алтын басы иілсін, қос тізесі бүгілсін,
Тек Алланың, алдында!

Бағдат МҮБӘРАК

Басқа материалдар

Back to top button