Облыс әкімінің есебі қарсаңында

Жерді пайдалану қатаң бақылауда

Басқарма 2021 жылы мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың 4 245 өтінішін (шағымдар, өтініштер, сұрау хаттары) қарады, өтініштердің ең көбі, – 87% мемлекеттік органдардан түскен.

Прокуратура органдарынан – 52 (1%), ЖАО, басқа да мемлекеттік органдардан – 3 700 (87%), жеке тұлғалардан – 368 (9%), заңды тұлғалардан – 125 (3%).

Жоғарыда көрсетілген өтініштерді қарау шеңберінде 12 мың гектарды қамтитын 229 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, бұл 2020 жылдың көрсеткішімен шамалас (2020 жылы 870,8 га алаңда 230 тексеру жүргізілді).

Тексеру барысында 11,9 мың га. алаңда жауапкершілігі Қазақстан Республикасының жер және әкімшілік заңнамасында көзделген 151 жер заңнамасын бұзушылық анықталды. 107 бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде 83 бұзушыға 16 млн. 361 мың теңге айыппұл салынды (2020 жылы 9 млн. 220 мың теңге сомасына 72 айыппұл). Айыппұлдың 11 млн. 384 мың теңгесі өндіріліп алынды (ерікті түрде төленді/мәжбүрлеп өндірілді), 146 мың теңге атқарушылық іс жүргізу органдарына мәжбүрлеп өндіріп алу үшін берілді, 2 млн. 195 мың теңге соттың күшімен жойылды.

Жер заңнамасын бұзушылықтар анықталған барлық субъектілер салықты 10 есе ұлғайтуды қолдану үшін мемлекеттік кірістер органдарына жіберілетін тізбеге енгізілді.

Барлық анықталған бұзушылықтардың 58%-ы (88 бұзушылық) жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзуға, 28%-ы (42) – ЖАО қабылдаған шешімдердің заңдылығы, 8%-ы (12) – құрылысқа арналған жерлерді пайдаланбау және басқа да бұзушылықтар (4% (6) – жерді мақсатсыз пайдалануға, 1% (2) – жерді бүлдіруге, 1% (1) – уақытша иеленіп отырған жерлерді мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау).

Басқарма жұмысының негізгі бағыттарының бірі мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап-арыз дайындау және беру болып табылады.

Соңғы 3 жылда жалпы ауданы 23,5 га болатын объектілер құрылысына арналған пайдаланылмайтын 39 жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы 35 талап арыз берілді. Олардың бүгінгі күнге 26 қанағаттандырылды, 28 жер учаскесі мәжбүрлеп алынды.

Облыс аймақтарының жергілікті атқарушы органдары қабылдаған шешімдердің заңдылығын бақылау мақсатында 2021 жылы 27 мемлекеттік мекемелерде 42 тексеріс (жоспардан тыс және профилактикалық) жүргізілді.

Өтініштер негізінде Абай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Осакаров және Шет аудандарында жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Барлығы 22 тексеру жүргізілді, 9 тексеру барысында бұзушылықтар анықталды, нұсқамалар берілді.

Бақылау және қадағалау субъектісіне (нысанасына) барумен профилактикалық бақылау мен қадағалаудың облыс әкімінің өкімімен бекітілген тізбелеріне сәйкес 2021 жылы облыстың 8 ауданында (Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Ұлытау аудандары) 19 профилактикалық тексеру жүргізілді.

Бақылау нәтижелері бойынша 220 жер заңнамасын бұзушылық анықталып, оларды жою туралы нұсқамалар берілді. Жер қойнауын пайдалануға берілген жер учаскелерін бақылау және заңсыз пайдалы қазбаларды өндіруді анықтау мақсатында, облыс прокуратурасының талабы бойынша 17 жер тексеріс нәтижелері бойынша 8 жер қойнауын пайдаланушылардың ( «СП «КазГерСтрой», «Сине Мидас Строй», «Қарағанды жолдары», «Акжусель», «Астана-Авто Срой», «СП «Концерн Reyil», «Mega start Astana», «Дорстрой LTD» ЖШС-тері) жерді өз бетімен басып алуы анықталып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беріліп, 6 млн. 125 мың 700 теңгеге айыппұл салынды.

Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау функциясы жергілікті атқарушы органдардан облыстарда, республикалық маңызы бар қалалар мен астанада аумақтық бөлімшелерін құра отырып, орталық уәкілетті органға – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне берілді. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау функциясының орталықтандырылуына байланысты «республика – облыс – аудан» принципі бойынша бақылаудың бірыңғай вертикалі жасалатын болады.

Заңның негізгі мақсаты – жер заңнамасын жетілдіру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру институтын реттеу және жер телімін пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейту.

Өзгерістер мен толықтырулар қазақстандықтар мен қазақстандық заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық жерлерін 49 жылға дейін жалға алуға, жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін мерзімін тағы да ұзартуға құқық беру, сондай-ақ мемлекеттен сатып алынбаған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді жалға алу құқығынан айыруды көздейді.

Бұл ретте ондай жер телімін пайдалану мерзімі кемінде 5 жылды құрайды, сонымен қатар жер қатынастары жөніндегі органдарға хабарлама беру міндетті шарт болып табылады.

Сонымен бірге ағымдағы жылдың 3 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістерге сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мәжбүрлеп алып қою мерзімі 2 жылдан 1 жылға дейін қысқартылды, бұл ретте нұсқаманың мерзімі өткеннен кейін бақылау тексеруін жүргізу талап етілмейді және бұзушылықтар жойылмаған жағдайда сотқа жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арыз беріледі.

Алып қою рәсімін оңайлату мақсатында мемлекеттік бақылаудың жаңа тетігі – орынға шықпастан космомониторинг арқылы профилактикалық бақылау енгізіледі.

Мәселен, Кәсіпкерлік кодекске сәйкес ғарыштық мониторинг деректері негізінде жүргізілген бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау ескерту сипатына ие болады, сондай-ақ жер пайдаланушыларды жерді мақсаты бойынша пайдалануға ынталандыру үшін жер салығын 20 есе мөлшерде ұлғайтуға алғышарт болып табылады.

Арман ЛӘМБЕКОВ, Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button