Аймақ

Қарағанды облысында өрт жағдайы тұрақтанып келеді

8 қыркүйек сағат 11:00-дегі жағдайға сәйкес Қарағанды облысында табиғи өрттің басым бөлігі жойылды. Бақылауда төрт ошақ қалып отыр, олардың екеуі оқшауландырылған.

Суреттер облыстық ТЖД баспасөз қызметінен

Бұқар Жырау ауданында, Ақора а/о, Рыбинское бөлімшесінен солтүстік-шығысқа қарай 2 км жерде 7 қыркүйек сағат 14:00-де Белағаш орман шаруашылығының аумағында 250 га алаңда құрғақ шөптер мен орман алқаптары өртенді, оның ішінде 21,7 га орман аумағын (орман төсеніші мен бұталар) от шарпыды. 

Өрт 8 қыркүйекте сағат 09:10-да ауыздықталды.

Бұқар Жырау ауданында, Ақора а/о, Ақора ауылынан оңтүстікке қарай 2 км қашықтықта 7 қыркүйекте сағат 14:00-де Белағаш орманшылығының аумағында 180 га алқапта шөптер мен орман алқаптары өртенді, оның ішінде 10 га орман аумақты (орман төсеніші мен бұталар) от шарпыды.

Өрт 8 қыркүйек сағат 09:30-да ауыздықталды.

Шет ауданында, Мыңбаев а/о, Қызылтау ауылынан 12 шақырым жерде, 5 қыркүйекте сағат 09:28-де құрғақ шөп өртенді (алдын ала ауданы – 1000 га).

Ақтоғай ауданында, Қусак а/о, Қусак ауылынан солтүстікке қарай 20 км жерде, 7 қыркүйекте сағат 17:00-де алдын ала болжам бойынша 200 га алаңда құрғақ шөп өртенді.

Барлық ошақтарда ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың және орманшылықтардың ЕӨҚ күштері – 267 адам және 95 бірлік техника жұмылдырылды.

Жағдай Қарағанды облысы ТЖД жедел штабының бақылауында.   

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button