Жаңалықтар

Қарағандыда бочча спортынан қалалық инклюзивті турнир өтті

30 қыркүйекте «Жастар» спорт кешенінде Қарағанды облысының Бочча федерациясы Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық инклюзивті бочча турнирін өткізді. Іс-шара Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен тең мүмкіндіктер қағидаттарын ілгерілетуге, қоғамда инклюзивті мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Жарысқа бочча спортынан 8 команда, сондай-ақ Қарағанды мен Теміртау қалаларындағы жетекші жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері қатысты.

Турнирдің басты ерекшелігі – спортшылар мен жастарды біріктірген командалық формат. Қатысушылар жарысқа бірге қатысып, паралимпиадалық спорттың мүмкіндіктерімен танысты және командалық өзара іс-қимыл тәжірибесін жинақтады.

Мұндай іс-шаралар жастар арасында инклюзивті мәдениетті қалыптастыруға, өзара түсіністік пен қолдауды нығайтуға, сондай-ақ бочча мен паралимпиадалық спортты қоғамда кеңінен насихаттауға ықпал етеді.

Материалды әзірлеген Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button