Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағанды облысында күн суытады

Қарағандыда алдағы күндері күн салқындап, жел күшеюі мүмкін. «Қазгидромет» мәліметінше, 13–15 қазан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Алайда Қарағанды қаласында әзірге жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. 

Сурет ЖИ арқылы жасалды

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 13 қазанда Қарағандыда түнде ауа температурасы +3…+5°C, күндіз +15…+17°C болады. 14 қазанда күндіз де +15…+17°C шамасында сақталады. Түнде тұман түсуі ықтимал.

Ал Қарағанды облысында ауа райы құбылмалы болады. 13 қазанда күндіз ауа температурасы +15…+20°C, облыстың оңтүстігінде +23°C-қа дейін көтеріледі. 14 қазанда да осындай температура күтіледі. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с болып, кей жерлерде екпіні 15–20 м/с-қа жетуі мүмкін. 

Республика бойынша 15 қазанда шығыс пен оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі. Шығыс пен солтүстікте көктайғақ болуы мүмкін. Елдің орталық өңірлерінде, соның ішінде Қарағандыда, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.

Синоптиктер желдің күшеюі мен таңғы тұманды ескере отырып, тұрғындарға ауа райының өзгерісін бақылап отыруға кеңес береді.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button