Депутат қолдауы
«Балалар жылы» аясында балаларға жан-жақты қамқорлық көрсетілуде. Осындай ізгі бастаманы қолға алған облыстық мәслихат депутаты Ғабдолла ДҮЙСЕНБАЕВ болды.
– Облыстық Мәслихат хатшысы Серік Балғабайұлының бастамасымен арнайы жұмыс тобы құрылып, мектеп-интернаттарға бас сұқтық. Ол жердің тыныс-тіршілігімен танысып, өзекті мәселелердің бар екендігіне көз жеткіздік. Балалармен қарым-қатынас кезінде олардың жазғы демалыс лагерлеріне барғысы келетіндіктерін естідік, – дейді халық қалаулысы.
Балалардың тілегін орындауды өзінің азаматтық борышы деп есептеген депутат №3, №4 облыстық арнайы мектеп-интернаттарының оқушылары үшін өз есебінен демалыс ұйымдастыру туралы шешім қабылдайды. Нәтижесінде 10 бала Бектау ата шатқалындағы «Алау» лагеріне бір апталық демалысқа аттанды. Алда әлі екі ай уақыт бар. Жомарт депутат ілкімді ісін әрі қарай жалғастыруға ниетті. Әрі бұл бастаманы әріптестеріде қолдайды деген үмітте.
Сағыныш ӘБІЛ.