Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағанды облысында «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталады

Қарағанды облысында дәстүрлі күзгі ауылшаруашылығы жәрмеңкелерінің «Дала дәмі» маусымы басталады. Бірінші жәрмеңке 26 қыркүйекте Қарағанды қаласындағы Б. Әшімов көшесінде орналасқан Жаңа алаңда өтеді. Бұл – Шахтер күнінде концерт өткен алаң.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Жәрмеңкелер сондай-ақ 3, 10, 17 және 31 қазанкүндері Қарағанды қаласында, Б. Әшімов көшесіндегі Жаңа алаңда, сондай-ақ 7 қарашада Балқаш, Теміртау, Шахтинск, Приозерск және Саран қалаларында өтеді.

Жәрмеңкелерге облыстың жеті ауданынан тоқсаннан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өңдеу кәсіпорындары қатысып, өнімдерін орташа нарық бағасынан 10–15 пайыз төмен бағамен ұсынады.

Биылғы қуаңшылыққа қарамастан, аграрийлер мол өнім алды: 556 мың тоннадан астам астық, 263 мың тоннадан астам картоп және 66 мың тонна көкөніс жиналды. Жыл басынан бері 128,6 млрд теңге сомасына азық-түлік өнімдері өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,6 пайызға көп. Мал шаруашылығында да өсім байқалады: ірі қара мал басы 18,8 пайызға, жылқы15,7 пайызға, қой мен ешкі 15,2 пайызға артты.

Алғашқы жәрмеңкеге 450 тоннадан астам өнім жеткізіледі. Оның ішінде 52 тонна ет, 240 тонна картоп, 110 тонна көкөніс, 16 тонна сүт өнімдері, 9 тонна балық, 170 мың дана жұмыртқа және 20 тонна басқа да өнімдер бар.

Жәрмеңкелер халықты өндірушілерден тікелей жаңа өніммен қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығының дамуына қолдау көрсетеді.

Материалды әзірлеген
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button