Руханият

Халықаралық оперетта және мюзикль фестивалі Қарағандыда өтеді

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының сахнасында таңғажайып музыка, сиқырлы би, еліктіретін вокал орындалмақ. 2022 жылдың 21–23 қазан аралығында DosStar XI халықаралық оперетта және мюзикл фестивалі өтеді. Оған Қазақстан, Италия, Бельгия, Ресей және Беларусь өкілдері қатысады.

Фестивальге Италиядан Давид Деллисанти (дирижер), Италия мен Еуропаның көптеген халықаралық конкурстарының вокалист-лауреаттары Симоне Фенотти (тенор) және Патрисия Чинья (сопрано) қатысады.

Бельгия атынан Франческо Медда (тенор) мен Серж Какуджи (контртенор) өнер көрсетеді. Франческо Медда – вокалдық халықаралық байқаулардың лауреаты, бельгиялық “Золотая Арфа” Халықаралық мәдени қауымдастығының президенті, 2021 жылдан бастап “Астана Опера” театрымен және Астана халықаралық опера академиясымен вокалдан педагог ретінде жұмыс істейді. Серж Какуджи – әлемнің көптеген әйгілі сахналарында жетекші опералық партияларды орындайтын вокалист.

Фестивальге Ресейден: Калининград облыстық филармониясының жетекші солисі, Калининград облыстық музыкалық театрының музыкалық жетекшісі Александр Дудницкий; Калининград облыстық музыкалық театрының көркемдік жетекшісі, Ресей Театр Қайраткерлері одағының мүшесі Елена Альфер; Калининград облыстық музыкалық театрының жетекші вокалисі, Стокгольмде (Швеция) өткен вокалдық байқаудың Гран-при иегері Михаил Петров қатысады.

Беларусь өкілдері – Беларусь Мемлекеттік академиялық музыкалық театрының вокалист-әртістері, халықаралық байқаулардың лауреаттары Наталья Глух пен Денис Немцов.

Сондай-ақ XI DosStar фестивалі аясында “Астана Балет” шығармашылық ұжымының гастрольдері өтеді. Солистер ретінде елордалық театр труппасының жетекші әртістері Айнұр Әбілғазина мен Сүндет Сұлтанов өнер көрсетеді. Олар фестивальдің гала-концертіне де қатысады. Сонымен қатар, финалда Astana Musical мемлекеттік театрының әртістері өнер көрсетеді.

Фестиваль бағдарламасында вокал өнері (Франческо Медда) және Дж. Верди “Травиата” (21 қазан сағат 18:30-да) операсы бойынша шеберлік сабағы; “Заманауи балетті дамытудағы хореография” шеберлік сабағы (Әсел Абақаева, өнер магистрі, Қазақ Ұлттық Өнер академиясының аға оқытушысы, “Астана Балет” театрының педагогы); заманауи балет кеші (“Астана Балет” 22 қазан сағат 17:00-де КМС); Қазақстан, Беларусь, Ресей, Италия, Бельгия солистерінің гала-концерті (23 қазан сағат 17:00-де КМС) өтеді.

DosStar фестивалі 2012 жылдан бастап КАТМК бастамасымен және Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен өткізіліп келеді.

“Осы жылдар ішінде оған алыс және жақын шетелдердің он елінен театрлар мен жетекші солистер қатысты. Бүгінгі таңда қатысушылар саны 600-ден астам адамды құрайды. Мұндай фестивальдар театрлар, әртістер, труппалар арасында тығыз байланыс орнатып қана қоймай, олардың белсенді шығармашылық тәжірибе алмасуына ықпал етеді, сонымен қатар біздің облысымыздың және жалпы еліміздің мәдениетін, дәстүрлерін жалғастырушы болып табылады”, – дейді ұйымдастырушылар.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Басқа материалдар

Back to top button