Руханият

Латынға көшу – қажеттілік

Латын қарпіне көшуде тіл тазалығы мәселесі маңызды орын алады. Латын әліпбиіне көшу ағылшын әріптерін қолдану деп түсінбей, керісінше өзіміздің ұлттық бояуымыз сіңген әліпбиді қолдану деп түсінуіміз қажет. Тіл әуезділігін, әдемілігін сақтай отырып, халыққа тиімді әрі оңай игеретіндей әліпби жасау – тіліміздің ертеңі мен бүгінін айқындайтын кемел шешімдердің бірі болмақ.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Әліпби деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліпби жақсы болмақ» деген орамды ойын айқындай түскендей. Сондықтан, қолданыстағы қаріптерді латын әрпіне көшіру қажеттілік деп есептеу керек.

Жанар МҰҚАЖАНОВА,

№59 мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button