Бас тақырып

185 бас жылқыдан ауру анықталды

Бұқар жырау ауданы,Төрткөл ауылынан шыққан белгісіз жылқы ауры көпті алаңдатып отыр. Соңғы деректерге сәйкес, Үміткер ауылынан 185 бас жылқыдан ауру анықталып, жойылған. Ал, жылқысынан айырылған шаруашылық иелеріне республикалық бюджеттен өтемақы төленетін болды.

Сурет: qaz.ulysmedia.kz сайтынан

Дегенмен, зерттеу жұмыстары әлі толық аяқталмаған.

– Зертханалық зерттеулердің қорытындысы бойынша, жылқының эпизоотиялық лимфангит ауруы анықталған жағдайда, ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының ұсынымы негізінде тиісті әкімшілік аумақтың әкімі, карантиндік шараларды белгілейді, – делінген хабарламада.

Жылқылардың арасында білінген аурудың нақты диагнозын анықтау мақсатында, Денсаулық сақтау министрлігінің биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институты мен ҚР АШМ ВБҚК Астана қаласындағы ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы мамандарынан арнайы жасақталған комиссия, Үміткер ауылдық округіндегі ауырған және ауру жануарлармен жанасқан жылқылардан, сонымен қатар Үлгі, Төрткөл селоларындағы ауруға күдікті деп танылған жылқылардан сынамаларды іріктеп алып, зертхана жағдайында мониторингтік зерттеулер жүргізуде.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button