Руханият

«Сөзі жоғалған жұрттың – өзі де жоғалады…»

Бабалардың қанымен, аналардың жасымен келген ұлттың жаны әрі арына айналған алтын діңгек мемлекеттік тілімізді құрметтеу – ұлтты құрметтеу, сөз өнеріне деген жанашырлық деп білемін.

Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, бірліктің жығылмас туы. Бұл – халықтың кескін-келбеті мен айнасы іспетті. Тіл – тек үш әріптен құралған жай сөз емес, өмір сынынан өткен, ұлттың баға жетпес қазынасы.

Қазіргі жастардың қолданыстағы тілі – сленг. Сонда, ұрпаққа берер тәрбие жоқ па, әлде оны ұғар халық жоқ па?

Менің ойымша, «Отан – отбасынан басталады» демекші, әр отбасы өз шаңырағында тіл саясатын ұғынып, баба тілі – ар ұғымы екенін естен шығармауы қажет.

Тіл мәселесі – ұлт өзегі. Әрбірімізге өмір сүру қаншалықты маңызды болса, тілдің жай-күйі соншалықты өзекті.

Керісінше, шыбын жанын қиған тіл жоқтаушыларына қолдау көрсетуге міндеттіміз. Біз жаны жайсаң жас ұрпақ, бар күш-қайратымызды жиып, «Елім!» дейтін ерлер қатарына қосылуымыз керек. Қай халықтың болмасын тілі ғасырлар бойы сол халықпен бірге дамып, көркейіп отыруы тиіс. Ғылым мен техникадан алға озып, тіліміздің жағдайы төменде қалмауы керек деп ойлаймын. «Сөзі жоғалған жұрттың – өзі де жоғалады».

Сондықтан, Қадыр Мырза Әлі атамыздың «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» деген сөзі үнемі есте болған жөн.

Іңкәр АЛТАЕВА,

№102 мектеп-гимназиясының 11 «А» сынып оқушысы.

Басқа материалдар

Back to top button