Жаңалықтар

Желтоқсан айында қанша күн демаламыз?

Қазақстандықтар қыстың бірінші айында үш мейрамды атап өтеді. Соның есебінен азаматтар 13 күн демалады деп хабарлайды NUR.KZ.

Желтоқсан айындағы мереке күндері заңды демалыс күндерімен сәйкес келеді.

1 желтоқсанда қазақстандықтар Тұңғыш президент күнін тойлайды. Мереке сенбі күніне түсіп тұрғандықтан, ел тұрғындары дүйсенбі, 3 желтоқсан күні демалады.

Сонымен бұл мейрамда ел тұрғындарын қатарынан үш күн яғни 1, 2 және 3 желтоқсан демалыс күндері күтіп тұр.

Оған қоса Тәуелсіздік күнінде тағы төрт күндік демалыс берілмек. 16 желоқсан жексенбіге тура келгендіктен, мерекелік демалыстар 15-18 желтоқсан аралығына жылжытылған.

Бұл жылы 31 желтоқсан дүйсенбіге сәйкес келеді. Осыған орай, дүйсенбідегі жұмыс күні 29 желтоқсан сенбі күнге ауыстырлады. Яғни айдың соңғы аптасы алты күндік жұмыс күнімен аяқталмақ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button