Жаңалықтар

Жолдау – мол мүмкіндік

Президент жыл да әлеуметтік салаға баса назар аударады. Биыл да экономиканың барлық саласын кешенді дамытуға мән берілгендей. Осы тұрғыдан келгенде Жолдау ерекше деп топшылауға болады.

 

Ең бір күрмеулі мәселелер су, энергия тапшылығы, инфрақұрылымды дамыту сынды түйткілдер сауатты бір шешімін күтіп тұрғаны жалпыға аян. Бұдан бөлек, бюджеттік қатынастарды реттеу де бар. 

Су шаруашылығымен айналысатын жеке салалық министрліктің құрылуы маған ерек әсер қалдырды. Биылғы жаздағы қуаңшылық іс жүзінде көп түйіткілдің бетін ашты. Біздіңше, бұл жаңа құрылым ұлан даламызды сумен қамту, тұтастай алғанда суды үнемдеуге де игі ықпалын тигізеді.

Судан кейінгі маңыздысы – жол сапасы. Жол жайлы болуы үшін стандарт қабылдануы түсінікті. Жол қауіпсіздігі – экономиканың өркендеуіне бірден-бір әсер етуші фактор.

Ендігі бір ойланарлық жайт. Атом стансасын салу, не салмау сауалы қазір бәріміздің алдымызда кесе көлденең тұр. Семей зардабынан соң бұл біздің жүйкемізде де, жүрегімізде де қара дақ болып қалып қойған. Жапониядағы жаралыстарды алайық. Чернобыльдегі апат. Жойқын жарылыстар салдарын бұқара әлі күнге дейін тартып келеді. Бұл тақырыпқа оралмақ түгілі, айтудың өзі санамызға сарсаң мен үрей ұялатады.  Осындай күрделі сауалды халықтың еншісіне қалдырудың өзі елдің болашағына деген терең сенімнің көрінісі деп бағамдарлық. Атом энергетикасы Қазақстанға қажет! Бұл – менің жеке пікірім. Осы арада салалық мамандардың даярлануы деген дүние қылаңытады. Кімнің технологиясын аламыз? Еуропаның дамыған қауіпсіз технологиясын енгізудің өмірлік мәні бар. Референдум – осы сұрақтың өркениетті жауабы.

Серікжан БАЙБОСЫНОВ,

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының

Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры

Басқа материалдар

Back to top button