АймақБұқар жырау

Қарақұдық аулында күпшек-монша ашылды

Астана күні қарсаңында Бұқар жырау ауданының Қарақұдық аулында күпшек-монша ашылып, пайдалануға берілді.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Жеке кәсіпкер Базаркүл Құндызбаева ашқан бұл жаңа нысанның ашылу салтанатына Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Серік Әміралин қатысып, оның іші-сыртын аралап көрді.

Мұндағы жуыну, булану және демалу бөлмелері жергілікті тұрғындар үшін қолайлы жағдай тудырып отыр. Солардың бірі ауыл ақсақалы Темірбай Сәрсенбаев кешегі кеңшар уақытында өздерінде болған қоғамдық моншаның жабылып қалып, енді оның орнына осындай шағын жуыну орнының ел игілігіне берілгеніне қуанышын білдіреді.

Аталған нысанды кәсіпкер Базаркүл Құндызбаева “Ауыл аманаты” бағдарламасы бойынша ашқанын айтып:

– Маған бұл бағдарламаның мәнісі мен қандай құжаттар керектігін осы Қарақұдық ауылдық округінің әкімі Мирас Зәру егжей-тегжейлі түсіндіріп, одан кейін “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы аудандық бөлімшесі қызметкерлері бизнес-жоспар жасауыма жәрдемдесіп, сол бойынша өткен жылдың соңында жеңілдетілген несие алуға өтінім жасағанмын. Енді биылғы наурыз айында сол өтінімім мақұлданып, 2,5 пайызбен 3,2 миллион теңгенің несиесін алуға қол жеткізіп, аулымызда осы күпшек-моншаны аштым, – деген еді.

Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button