АймақБұқар жырау

Жол – тұрмыстың таразысы

Былтырдан бері Бұқар жырау ауданының ауылдары ішіндегі және оларға кірме жолдар жөнделуде. Мәселен, өткен жылдың мамыр айында Тоғызқұдық ауылындағы 8,7 шақырым жолдың орташа жөндеуін мойнына алған мердігер «РАЙС KZ» ЖШС оны алдағы қыркүйек айында аяқтағалы отыр.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Аталған серіктестік тағы да Керней ауылындағы 6,1 шақырым жолдың және «Сарқан» ЖШС Ботақара кентінің 2,5 және Шешенқара ауылының 4,3 шақырым жолдарының жөндеуін жуық арада бітірмек ниетте.

– Биыл аудан бойынша «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 1838550 мың теңгеге 12 ауылдың 47,7 шақырым жолына жөндеу жүргізу жоспарланған, – дейді Бұқар жырау ауданы коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Миржан Аймақов. – Бұл жұмыстардың мердігерлері анықталып, қазір ол кестеге сай атқарылуда.

Атап айтқанда, Жаңақала, Қарақұдық, Сарытөбе, Тұзды ауылдары ішкі жолдарының жөндеуіне жоғарыдағы «РАЙС KZ» ЖШС, Сарыарқа ауылында «Нарек 717 Строй» ЖШС кірісіп, бүгінге дейін біраз шаруаны тындырып тастапты. Соның ішінде, Қаражар ауылындағы 3,14 шақырым жолдың бетіне асфальт төсеу тәмамдалуға жақын.

Сонымен бірге, «Аудандық маңызы бар және елдімекендер көшелері жолдарын күрделі жөндеудің» 045 бюджеттік бағдарламасы аясында бірнеше ауылға кірме жолдардың белгіленген 6,5 шақырым жұмыс бағытына 358264 мың теңге бөлінген. Сол бойынша Төрткөл ауылының – 1,5, Геология бөлімінің – 1,5, Новостройка ауылының – 0,8, Нұра станциясындағы Ғ.Мұстафин мектебінің – 1,2 шақырым, Доскей ауылы мектебінің 1,5 шақырым кірме жолдарын жөндеу үшін қазір конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Ендігі кезекте Үштөбе ауылындағы құрылысы бітуге таяу жайлы мектепке баратын автомобиль жолын салуға рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, жергілікті бюджеттен бөлінетін 228812,5 мың теңге сомасына конкурс жарияланған.

Сөйтіп, ауылының ішкі және кірме жолдары тақтайдай болса, тұрғындардың да көңілі жай тауып, жол азабын кешпесі анық…

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button