ЖезқазғанКоронавирус

Жезқазған қаласында 1 адамнан коронавирус анықталды

Бүгін Жезқазған қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1 оқиғасы тіркелді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

“Науқас – 2001 жылы туған ер адам. Ол Жезқазғанға Ресей Федерациясынан келген. Бірден провизорлық госпитальге жатқызылып, оқшауланған. ПТР талдау нәтижесінде оның COVID-19 жұқтырғаны нақтыланды. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Жалпы алғанда, облыста коронавирус инфекциясының 152 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 1 адам қайтыс болып, 67 науқас жазылып шықты”, – делінген хабарламада.  

Басқа материалдар

Back to top button