Жерлесіміз Азия пара ойындарының қола жүлдегері

Қытайда өтіп жатқан Азия пара ойындарында Қарағанды облысының мүгедектер спорты мектебінің тәрбиеленушісі Роман Потапов қола жүлде жеңіп алды.

20 жастағы спортшы S12 сыныбында ерлер арасында 100 метр қашықтықта жүзуден сынға түсіп, 1:10.25 уақытын тіркеді. Нәтижесінде, жерлесіміз қола медальге қол жеткізді.

Роман Потапов – көру қабілеті бұзылған спортшы. Ауруына қарамастан, ол халықаралық дәрежедегі спорт шебері, пара жүзу бойынша ҚР бірнеше дүркін чемпионы, Паралимпиада ойындары мен ҚР Спартакиадасының, Дубайдағы жасөспірімдер Азия ойындарының (2017 ж.) жеңімпазы. Тегеран ашық Ұлттық чемпионатының жүлдегері (екінші орын, 2022), Дүниежүзілік пара жүзу сериясы (екі күміс медаль, 2023, Сингапур), әлем чемпионатының қатысушысы (Манчестер, 2023).

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.