Жаңалықтар

Жеңіс дос, сен келгенде дүниеге…

Белгілі тележурналист Жеңіс Сармурзин – 60 жаста

Сурет rewizor.ru

Байтағым, асқар тауым,
тыңда далам,
Бұл күнді ақын бар ма
жырламаған!?
Қазақтың Жеңіс деген перзенттері,
Мамырдың тоғызында іңгәлаған.

Сүйіншілі хабар жетті ала белден,
Жас алып жанарына Ана көрген,
Әр жылдың тоғызыншы
мамырында,
Сәбилер Жеңіс үнін ала келген!

Отанның ордасына от құлаған,
Бел жазып қасіреттен жатты
ғалам…
Жалғыз сөз Жеңіс деген дәтке қуат,
Жемістің дәмінен де тәтті маған!

Бозторғай көкте сонау дамылдаған,
Маужырап тұрса дағы сағым
далам,
Жеңіс дос, сен келгенде дүниеге,
Салқыны сұм соғыстың арылмаған…

Өтсе де жиырма көктем,
жаз бен қысы,
Жүректен сейілмеген соғыс сұсы,
Алпыс жыл содан бері өткен екен,
Ұшпады қай қиырға көңіл құсы!

Жеңіс дос, Жеңіс құрдас,
замандасым,
Өнерге қатар келген қаламдасым,
Жеңістің ел тойласа сексен жылын,
Жиырма жыл жетпейді екен
оған жасың…

Өтсе де жастық дәурен бұла керім,
Қанаты талмайтұғын қыран едің,
«Атығай, Қарауылға олжа салған»,
Тұяғың тозбасыншы, Құлагерім!

Қойлыбай Асан,
Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері

Басқа материалдар

Back to top button