ЖаңалықтарРуханият

«Жеңіс Қашқынов оқулары» өтеді

Абай атындағы Қарағанды балалар кітапханасы жерлес ақын Жеңіс Қашқыновтың шығармашылығына арналған «Жеңіс Қашқынов оқуларын» өткізеді. Облыстық мәнерлеп оқу байқауы 4-5-ші сынып оқушылары арасында өтпек.

Сурет: ұйымдастырушылардан

Қатысушылар «Ашылған сыр» және «Батырдың анасы» атты екі өлеңді жатқа, мәнерлеп оқулары шарт.

– Байқау балалардың өлең оқуға деген қызығушылығын ояту, оларды Жеңіс Қашқыновтың поэзиясымен таныстыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр, – дейді кітапхананың мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ирина Черникова.

Өтінімдер odb_abai@mail.ru ұйымдастырушының электрондық поштасына 15 сәуірге дейін қабылданбақ. Қосымша ақпаратты 8-705-979-75-39, (8-7212) 41 23 25 нөмірлері бойынша алуға болады.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button