Байқау

«ЖАУЫНГЕР» облыстық әскери-патриоттық әндер сайысы өтті

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы және Jas Otan Жастар қанаты Қарағанды облыстық филиалы Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңіс күніне орай «ЖАУЫНГЕР» облыстық әскери-патриоттық әндер сайысын өткізді.

 Jas Otan Жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі – жастардың азаматтық белсенділігін және тұлғалық дамуын қамтамасыз ету, бос уақытты тиімді өткізуге жағдай жасау. Яғни, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіру. Батырларымыздың ерліктері мен жауынгерлік дәстүрлерін, әскери мамандықты насихаттау, әскери қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін ашу.

Қарағанды облысында әскери-патриоттық әндер сайысын өткізу дәстүрге айналған. Байқау 2004 жылдан бастау алады. Сайыс жыл сайын Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылады. Қазір байқау әскери-патриоттық әндерді орындаушылар мен тыңдаушылардың айтуынша, беделді сайыс саналады. Облыс тұрғындарының арасында танымалдылыққа ие.

Дегенмен, карантин шараларына байланысты биылғы сайыс онлайн өтті. Байқауға қатысушы шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздар әскери тақырыптағы әндерін орындады.

Сайысқа 10 үміткер қатысты. Оның 5-еуі ақтық сынға өтті.

Қазылар шешімімен Бас жүлдені Диас Садывахас қанжығаласа, І орын – Азамат Тұрдықұлға, ІІ орын – Манзура Ахановаға, ІІІ орын Олжас Сұрағановқа берілді. Азамат Уәлиев Алғыс хат иесі атанды.

Жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button