Жастар әзілінде – қоғам келбеті

     Жастар жүрген жер қашанда көңілді, қызықты, думанды келеді ғой. Жастар ресурстық орталығымен «Қарағанды КВН» филиалының Шет ауданы өкілдігінің ұйымдастыруымен мәдени сауық орталығында мектепаралық «Жайдарман» маусымашар фестивалі өтті.

Негізгі мақсат – ұлттық болмысты қалыптастыруға, тәжірибелі командалардың біліктілігін шыңдауға, жас таланттардың шығармашылығын барынша ашып көрсетуге мүмкіндік жасау. Сондай-ақ, жылдан жылға «Жайдарманға» қатысушылардың белсенділігі артып, көрермендердің де саны көбейген.

Жалпы маусымашар бәсекеге 9 команда қатысып, ұшқыр ойлы, тапқыр сөзді екенін көрсетті. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені академик Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының «Тәттілер» командасы жеңіп алып, кубок — арнайы дипломға ие болды. Бірінші орынға Ақадыр құрама командасы шықты. ІІ орынды Ы.Алтынсарин мектеп-гимназиясының құрамасы иеленді. Ал, ІІІ орын Талды мектебінің құрама командасына бұйырды.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

ШЕТ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.