Нұраталды ауылында өртке қарсы жаңа бекет ашылды
Шет ауданының Нұраталды ауылында 244-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымның жаңа бекеті ашылды. Қошқарбай ауылдық округінің төрт елді мекеніне – Қошқарбай, Ақсу, Қызылқой және Шопа ауылдарына қызмет көрсетіп, 1 500-ден астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Іс-шараға Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.

Жаңа бекет заманауи техникамен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Мұнда ТЖМ ұсынған өрт сөндіру техникасы, байланыс құралдары, өрт-техникалық жарақтар және жауынгерлік киім-кешек бар.

Бекеттің ашылуы төтенше жағдайларға ден қою жеделдігін арттырып,

тұрғындарға қажетті көмекті уақытылы көрсетуге мүмкіндік береді.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



