Шет

Жасампаз іс – жастарға үлгі

 

Төменгі Қайрақты ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен аудандық ән байқауы өткізілді. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнінде «Ертеңім елім – Елбасым» тақырыбында  өткізілген шара жастар арасында патриотизмді насихаттап, ұйымшылдығын арттырды.

Тәуелсіздіктің арайлап таңы атқанда Елбасының елін алға бастап, тоқырау жылдарындағы қиындықты қайыспай көтерген кездері сөз болды. Тұңғыш Президент күніне орай өткен салтанатты шараның барысында Елбасының ел үшін еткен ерен еңбегі, өнегелі өмір жолдары айтылды. Тұңғыш Президент күніне арналған шарада елдің тәуелсіздік алған күнінен бастап бүгінгі жеткен жетістігі жырланды. Елбасының қарапайым жұмысшыдан бастап ел тізгінін қолға алып, 20 жылдан астам еткен еңбегі ел назарына ұсынылды. Аймақ өнерпаздары Тұңғыш Президентке арналған әндерін аспандата шырқап, мереке көркін қыздырды. Бас жүлдені Гүлнұр Сайлаукенова жеңіп алды. Батырлан Оразбеков пен Шонысқан Мананбаев Алғыс хатпен марапатталды.

Нұргүл ӘЛІБЕКОВА,

Нұра орта мектебінің музыка пәні мұғалімі.

ШЕТ  ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button