Бұқар жырау

Жас шебер – жеңімпаз

    Тұңғыш Президент күніне орай, Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Жас талап – 2017» облыстық фестивалі өтті.

Осы  шараға Бұқар жырау ауданы, Сарытөбе негізгі мектебінің  8 сынып оқушысы Ақжол Бөкейхан қатысты. Мектебімізде өтетін «Жас шебер» үйірмесінің мүшесі Ақжол Бөкейхан болашақта  қолынан өнері тамған шебер болуға жаттығуда. Бала  бойынан шеберлік қасиетті байқаған жетекшісі Малик Жомарт шығармашылық қабілетін дамытуға тәрбиелеп келеді. Ақжол облыстық фестивальға  «Ұлы дала әуені» атты жұмысын ұсынды. Нәтижесінде, Тұңғыш Президент күніне арналған ІІ облыстық  «Жас талап – 2017»  атты балалар мен жасөспірімдер фестивалінде «Мүсін және қолөнері» номинациясы бойынша І орынды жеңіп алды.

Ш.ЖОЛДИНОВА.

БҰҚАР жырау ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button