Бас тақырып

Жарыс жолынан табылыңыз!

Көптен күткен айтулы спорт мерекесінің күні мен орны белгіленді.

Ұлы Жеңістің 78 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған «Индустриальная Караганда» облыстық газетінің дәстүрлі 76-шы жеңіл атлетика эстафетасы 6 мамырда Қарағанды (Оңтүстік-Шығыс ауданы) көшелерінде өтеді. Іс-шараның ашылу салтанаты сағат 10.30-да «Флагшток» композициясының алдындағы алаңда (Сарыарқа көшесі) өтеді деп жоспарлануда. Жарыстың басталу уақыты сағат – 11.00-де, жабылу салтанаты сағат 14.00-де «Флагшток» композициясының алдындағы алаңда өтеді.

«Индустриальная Караганда» эстафетасы ұзындығы – 4100 м.
1-3 кезең – Сарыарқа көшесінің бойымен Тәттімбет көшесі бағытында
4 кезең – Тәттімбет көшесінің бойымен солға бұрылу арқылы – Сарыарқа көшесіне бұрылыс
5-9 кезең – Республика даңғылына бұрылу арқылы Сарыарқа көшесінің бойымен
10 кезең – Мәре Республика даңғылындағы тутұғырды айнала

Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша жарысқа жалпы білім беретін мектептер, колледждер, лицейлер, жоғары оқу орындар, әскери мекемелер, спорт клубтарының оқушылары, мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, ұйымдар, банк қызметкерлері және жүгіруге ықтияр барлық әуесқойлар (медициналық анықтамасы болған жағдайда) қатыса алады.

Барлық қатысушылардың кеуде тұсына тағар арнайы нөмірлі белгілері болуы керек. Сондай-ақ, жарыс жеті топ бойынша өткізіледі:

1-топ-ЖОО, спорт клубтары, колледж командалары, Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжі;

2-топ – колледждер мен Т.Бигелдинов атындағы әскери мектеп-интернат командалары;

3-топ – жалпы білім беретін мектептер (11 жылдық оқу);

4-топ – толық емес орта мектептер (9 жылдық оқу);

5-ші топ – өндірістік ұжымдар; 6 – топ – ұйымдар;

7-ші топ – спорт ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі спортшылар (1400 м жүгіруден) және жүгіруден әуесқойлар.

Топтардың барлығында ерлер мен әйелдер старты бөлек басталады.  

Мысалы: 1-ден 6-шы топқа дейінгі командалар эстафетаны 10 кезеңге бөледі. (Мұның бәрі сызбада көрсетілген). 1-ші топтан 6-шы топқа дейінгі эстафетаның жүлдегер командалары кубоктармен және дипломдармен марапатталады. Ал, 1-ші – 6-шы топтардың жүлдегер командаларының қатысушылары медальдармен марапатталады.

1-ші топтан 6-шы топқа қатысушылардың 1-ші кезеңде көрсеткен үздік нәтижелері үшін, естелік сыйлықтар және грамоталар табысталады. Сонымен қатар, 7-ші топтағы қатысушылар сертификаттармен марапатталмақ.

Команда өкілдері мен төрешілер алқасының отырысы 2023 жылғы 3 мамырда сағат 15.00-де Н.Әбдіров атындағы спорт сарайының фойе-залында өтеді деп күтілуде.

Эстафетаға қатысу үшін белгіленген нысан бойынша өтінімдер қазылар алқасына 2023 жылғы 3 мамырда сағат 14.00-ден 15.00-ге дейін берілуі керек.

Жан АМАНТАЙ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button