“Жаны шалқар азамат еді…”
Мен Нығмет Нұрмақовпен 1926-1928 жылдары аралығында жұмыс бабымен кездесіп жүрдім. Ол кісі туралы менде ақылды, іскер адам деген пікір туды. Әңгімелер барысында оның ұлтшыл және үкіметке қарсы бағытталған сөздерін естігем жоқ.
Қаныш СӘТБАЕВ.
***
Адамзат қоғамының да муын тежейтін қаскөй де әділетсіз әлемнің дүлей күшіне өз жүрегінің қалауымен жігер-қайратын, қалтқысыз сенімін қарсы қоя күрескендердің даңқты есімі мен ісін біз баға жетпес қымбат асылымыздай ардақтап, болашаққа жеткіземіз. Нығмет Нұрмақов революцияның тайғағы көп, таптаурыны жоқ бұралаң жолын жасампаздықпен жүріп өтті. Оның күллі өмірі барша ұлт пен ұлыс халықтарының бақыты жолындағы күреске арналды.
Дінмұхаммед ҚОНАЕВ.
***
Нығметті 1935 жылы Семейде көрдім. Мен Нығметті жасымнан жақсы білетінмін. Білгір, іскер, тиянақты, халқының қамын ойлайтын аяулы азамат еді. Әсіресе оның батылдығы мен алғырлығы әріптестерін қайран қалдыратын. Ең соңғы рет Нығметті Мәскеуде көрдім. 1936-1937 жылдары жоғарғы партия мектебінде оқыған кезімде үйіне, Кремльдегі жұмыс орнына жиі барып тұрдым. Асқар таудың биіктігі алыстан көзге түс кенімен, жанына жақындасаң әсіре сезіледі. Н.Нұрмақовтың жаны шалқар жақсы ардагер азамат екендігі маған сол жылдары ашылды. Өмір шыңына өрлей ұшқан ақиық қыран сияқты.
Әшімбек БЕКТАСОВ,
мемлекет қайраткері
***
Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім десе, «Білімдінің күні – жарық, білімсіздің күні – қаріп» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Осы ұлы мұратты ұлт мұратымен ұштастырған, осы жолда аянбай тер төккен Алаштың ардақтысы – Нығмет Нұрмақов.
Мұхтар ӘУЕЗОВ.