Шет

Жансайда – алтын медаль

   Жерлесіміз Жансай СМАҒҰЛОВ ел абыройын асқақтатты. Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен дзюдодан Гран-при сериялы халықаралық турнирде алтын медальді олжалады.

Турнирдің жүлде қоры – 100 мың АҚШ доллары. Мұнда 27 елден келген 183 балуан күш сынасты. І орынға – 3 мың доллар, ІІ орынға – 2 мың доллар және ІІІ орынға – 1 мың доллар тігілді.

Ел намысын қорғаған құрама сапында қарағандылықтар да баршылық. 48 келіде Айгерім Төреғожина, 60 келіде Абылайхан Шаратов, 73 келіде Жансай Смағұлов және 90 келіде Ислам Бозбаев белдесті.

Абылайхан Шаратов жарыстың алғашқы күнінде қола медальді қанжығаға байлады. Ал, Жансай екінші күні ақтық сында жарыс қожайынын ұтты. Сөйтіп, Ташкенттің төрінде ел Әнұранын әуелетті.

Жансайдың бапкері – Қайдар Қанжанов. Жансайдан өзге бірталай даңқты ұлдарды тәрбиелеген бапкердің шәкіртіне сенімі зор.

Нұрқанат ҚАНАФИН

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button