Жаңалықтар

Жалған хабарлама берген азамат ұсталды

Лаңкестік әрекет туралы жалған хабарлама берген 47 жасар азамат ұсталды.

13 қазанда сағат 14:30 шамасында «102» телефонына белгісіз азаматтан «Қарағанды қаласы, Ленин көшесінің бойында орналасқан кафелердің бірін жарамын» деген хабарлама түскен.

Оқиға орнына облыстық полиция департаментінің барлық жедел қызмет түрлері жұмылдырылды.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 47 жастағы азаматты қолға түсірген. Ол өзінің қол сөмкесінде «жарылғыш зат» барын және шамамен 15 минуттан соң «жарылатындығын» айтқан.

Оқиға орны қоршауға алынып, ғимараттан 2 адам эвакуацияланған.

Полиция қызметкерлері қол сөмкеде ешқандай жарылғыш зат жоқтығына көз жеткізеді.

Бұзақы облыстық психоневрология диспансеріне жатқызылды.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Басқа материалдар

Back to top button