АймақНұра

Жақсылық жасаудан жалықпа!

«Жасаған жақсылығың міндетті түрде қайтып оралады» дейді халық даналығы. Осы бір даналықты жүректеріне түйген Нұра ауданы мемлекеттік органдарының басшылары Алғыс айту күніне орай және 8 наурыз – Халық­аралық әйелдер күні қарсаңында көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті.

Сурет: аудан әкімдігінен

Мемлекеттік қызметшілер 28 ақпанда бастау алып, 7 наурызға дейін жалғасатын Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қоржын» республикалық қайырымдылық акциясы аясында «Анаға сый» челленджін іске қосқанын айта кеткен жөн.

– Мақсатымыз – көпбалалы аналарға қол ұшын беру, жақылық жасау. Челленджді барлық мемлекеттік органдар қолдады. Оны өткізу барысында басқа ұйым мен мекеме басшылары да қатысуға ниет білдіруі бізді қуантты. Қатысушылардың әрқайсысы қамқорлықтағы отбасыларға азықтүлік жиынтығын сатып алады, – деп атап өтті акцияны ұйымдастырушылар.

Ал, Нұра аудандық мәслихатының төрағасы Қуаныш Жүніспеков Алғыс айту күні адамдарға игі істер жасаудың аса маңызды дүние екенін еске салатын ерекше мейрам деп есептейді.

– Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Есжановтан жақсылық эстафетасын қабылдап, оны әкімнің орынбасары Салтанат Мұқановаға жолдадым. Челлендж – жаныңдағы көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын берудің, аз да болса мейірім, қуаныш сыйлауға таптырмас мүмкіндік екенін түсінгендер бірден іліп әкетіп жатыр, – деп атап өтті Қуаныш Жүніспеков.

Қазір қайырымдылық акциясына «Шұбаркөл көмір» және «Шұбаркөл Премиум» компаниялары да қосылды. Олар Нұра ауданының әлеуметтік әлсіз топтарындағы тұрғындарына көмір бөліп, жақсылық жасауда.

Бұдан бөлек, олар көпбалалы адамдарға азықтүлік жиынтықтарын ­таратты.

Жәлел ШАЛҚАР,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button