АймақНұраРесми

Нұра ауданында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 217 млрд. теңге

Былтыр Нұра ауданында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 217 млрд. теңгеге жеткен. Бұл ауданның облыстық деңгейдегі үлес салмағының 6,2%-ға жеткенін көрсетіп тұр. Мәселен, өткен жылдың қорытындысына сүйенсек, 15,4 млн.тонна – көмір, 233 мың тонна – кокс өндірілген. Бұл туралы аудан әкімі Бақытжан Мұқанов бүгінгі өңірлік комуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Сурет: ашық дереккөз

Деректерге сүйенсек, былтыр жыл басынан бері аудан экономикасына 59,7 млрд.теңгеге жуық инвестиция құйылған. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда – 15%-ға артқанын көруге болады. Осы инвестицияның 95%-дан астамы – жеке инвестициялар.

– «Шұбаркөл Көмір» Акционерлік қоғамының ірі инвестициялық жобасы «Қуаттылығы 400 мың тонна арнайы кокс өндіру зауытының құрылысы» бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтап, іске қосты. Жобаның құны – 60 млрд. теңге. Нәтижесінде жаңа 184 жұмыс орыны ашылды. Сонымен қатар, былтырғы көрсеткіштерге сүйенсек, ауданда жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1,7 мыңнан асты. Шағын орта бизнес өнімінің жылдық шығарылымы 39 млрд. теңгеден асқан. Биыл бұл көрсеткішті 2%-ға арттыруды жоспарлап отырмыз, – деді аудан әкімі.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button