Бас тақырып

Жағдайы тұрақты екі кенші абулаториялық емдеуге жіберіледі

Костенко шахтасында зардап шеккен кеншілер ем алуын жалғастырып жатыр. Білікті мамандардан құралған медициналық топтар олардың жағдайын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық мамандарымен – Травматология және ортопедия және нейрохирургия ғылыми орталықтарымен консультациялар өткізіліп, қажетті мамандар тартылуда. Зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету үшін 16 психолог жұмылдырылған. Екі кенші жақын арада абулаториялық емдеуге жіберілмек.

Сурет: облыс әкімінің сайтынан алынды

– Қарағанды облысының стационарларында қазір 24 пациент емделуде, барлық зардап шеккендердің гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақты, жағдайдың нашарлауы байқалмайды. Профессор Х. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың токсикология бөлімінде жеңіл және орташа ауырлықтағы уытты газдармен улану диагнозымен 20 пациент жатыр, олар детоксикация терапиясын және симптоматикалық ем алуда. Бір пациент түрлі жарақаттармен реанимация және қарқынды терапия бөлімінде, жағдайы тұрақты. Тағы бір зардап шеккен кенші травматология бөлімінде сол жақ пневмоторакс диагнозымен ем алуда, жағдайы орташа. Екі кенші “Шахтинск қаласының орталық ауруханасыының терапия бөлімінде ем алуда, жағдайы тұрақты, -дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button