Руханият
Жаңа спектакль көрерменге жол тартпақ
Ертең С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында «Ай қараңғысы» спектаклінің премьерасы өтпек. Аталмыш шара 25 қаңтар күні сағат 18:30-да басталады.

Әлеуметтік драманың авторы – Әскерхан Ақтай. Режиссері – Айдын Салбанов.
– «Ай қараңғысы» қойылымында адамгершілік, адалдық, ар-намыс, әділдікке деген сенім, адамның мансаптық өсуге кез келген тәсілмен ұмтылысы көтеріледі. Қойылымның лейтмотиві – кез келген қылмыс жазаланады, – деді ресжиссер.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz