АймақБалқашБас тақырып

Balkhash Tour Fest – 2026: Балқашта бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектеледі

Балқаш қаласында өтіп жатқан Balkhash Tour Fest – 2026 фестиваліне байланысты бүгін кешкі уақытта бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, сағат 19:30-дан бастап Спицын және Желтоқсан көшелерінің қиылысында жеңіл автокөліктердің қозғалысы уақытша тоқтатылады. Бұл шара фестиваль аясындағы көпшілік іс-шаралардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.

Қала тұрғындары мен қонақтардың қолайлығы үшін қоғамдық көлік жұмысы ұзартылды. Автобустар сағат 21:30-ға дейін қатынайды. Сонымен қатар мерекелік бағдарлама аяқталғаннан кейін қоғамдық көлік қайтадан бағыттарға шығып, жолаушыларды үйлеріне жеткізеді.

Ұйымдастырушылар фестиваль қатысушыларына мүмкіндігінше жеке автокөліктен бас тартып, қоғамдық көлікті пайдалануға кеңес береді. Бұл жолдардағы кептелісті азайтып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және фестиваль қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Балқаш тұрғындары мен қала қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жолға шығар алдында қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button