Бұқар жырауАймақ

Бұқар жырау ауданында дәрігерлер марапатталды

Бұқар жырау аудандық Мәдениет үйінде Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанат өтіп, осы салада еңбек етіп жүрген бір топ ақ халатты жандар дәріптеліп, марапатталды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Мерекелік салтанатты құттықтау сөзбен ашқан Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Құсайын “Адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Ал сол асыл қазынаны сақтап, халықтың саулығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандардың орны әрдайым ерекше.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін құттықтай отырып: “Ұлт саулығы–еліміз үшін ең басты құндылық. Сондықтан денсаулық сақтау саласын дамыту – мемлекеттің стратегиялық міндеті” екенін айрықша атап өтті. Сондай-ақ Президент барлық медицина мамандарының жанқиярлық еңбегіне шынайы алғысын білдірді. Әрине, бұл – сіздердің адал қызметтеріңізге берілген жоғары баға.
Мемлекет тарапынан денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Біздің Бұқар жырау ауданында да медициналық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Ауданда 56 медициналық ұйым тұрғындарға қызмет көрсетсе, соңғы жылдары 20 жаңа медициналық нысан ел игілігіне берілді. Бұдан бөлек, биыл Ғабиден Мұстафин кентіндегі учаскелік ауруханаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Алдағы кезеңде аудандық емхана мен бірнеше дәрігерлік амбулаторияларды жаңғырту көзделіп отыр. Мұның барлығы халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін одан әрі арттыруға бағытталған маңызды қадамдар.
Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз – тек мамандық емес, бұл – адам өміріне деген жауапкершілік, жанашырлық пен мейірімнің жарқын көрінісі. Ақ халаттың абыройын асқақтатып, антына адал болып жүрген әр дәрігерге, медбикеге, фельдшерге, санитарға және сала ардагерлеріне аудан халқының атынан зор ризашылығымды білдіремін”, – деп тебірене сөйлеп, сала саңлақтарына мерекелік марапаттарын тапсыруға көшті.


Бұл кәсіби мерекесінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасы Любовь Прокоповаға, ал Алғыс хаты Мөлдір Әбеноваға берілді.

Келесі кезекте Бұқар жырау ауданы әкімінің Құрмет грамоталары Мария Өміртай, Айбану Садықова, Сәуле Әкімжанова, Елена Чак, Күмісай Қасымбекова, Нина Набокина, Гүлнар Жұмабековаға табыс етілсе, аудан әкімінің Алғыс хаттарын Олеся Таушкенова, Майра Мыстаева, Гүлзира Далабаева, Сұлтанбек Бабай, Жазира Сағымбекова, Аянұр Бейбітхан алды.

Одан әрі Қарағанды облысы “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері кәсіподағы төрағасының орынбасары Элеонора Омарова облыстық денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасымен Жібек Жүнісова, Гүлжаухар Бәкішева, Салтанат Абажанова, Мейрамгүл Жантаева, Татьяна Харалнина, Саягүл Қайырбекованы марапаттаттап, облыстық медицина қызметкерлері кәсіподағының Алғыс хаттарын Ғайни Жұманова, Бақыт Байділдинова, Маржангүл Дощановаға табыстады.


Бұқар жырау ауданында өткен бұл мерекелік салтанатта жергілікті өнерпаздар ән мен күйден шашу шашты.

Ержан ИМАШ,

                                   Бұқар жырау ауданы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button