Аймақ

Аймақ басшысы Балқаштағы заманауи туристік кешеннің жұмысымен танысты

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Балқаш қаласына жұмыс сапары барысында биыл пайдалануға берілетін Premium Villa Balkhash жаңа туристік нысанын аралады.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Өңір басшысы демалыс аймағының инфрақұрылымымен танысып, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен туристер үшін жасалған жағдайларды бағалады.

Нысанды аралау кезінде туристік әлеуетті арттыру, қызмет көрсету деңгейін жақсарту және Балқашқа келушілер санын көбейту мәселелері талқыланды.

Облыс әкімі туризм өңір экономикасының маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтіп, көл жағалауындағы заманауи демалыс орындарын дамыту жұмыстары жалғасатынын жеткізді.

Жаңа туристік нысан қонақтарға жайлы демалыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 

Болашақта Балқаштың тартымды туристік бағыт ретіндегі беделін нығайтуға ықпал етпек.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button