БалқашАймақБас тақырып

Ермағанбет Бөлекпаев Балқаштағы жаңартылған нысандарды аралады

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жұмыс сапары барысында Балқаштағы жаңартылған нысандарды аралап көрді.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Ірі жобалардың бірі – Балқаш қаласының көпбейінді ауруханасын жаңғырту. Бұл медициналық мекеме Балқаш, Приозерск қалаларының, Саяқ кентінің, сондай-ақ Шет және Ақтоғай аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді

Мұнда жаңа қосымша ғимарат салынып, жоспарлы және шұғыл түрде жатқызылатын науқастар үшін бөлек кіреберістері бар қабылдау бөлімі ашылды.

— Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыста қайтарылған активтер есебінен маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Бұл қаражат халықтың өмір сапасына тікелей әсер ететін нысандарға — денсаулық сақтау саласынан бастап көлік инфрақұрылымына дейінгі бағыттарға жұмсалып жатыр, — деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Ауруханада жаңа операциялық бөлмелер мен заманауи медициналық жабдықтар орнатылды. Олардың қатарында ангиограф, магниттік-резонанстық және компьютерлік томографтар, нейрохирургиялық микроскоп бар. Бұл пациенттерді диагностикалау мен емдеу мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button