Аймақ
Жаңа орындықтар орнатылды
Қарағандыдағы Ә.Бөкейхан ауданындағы үш шағын алаңда 50 ескі орындық ауыстырылды. Аталмыш жұмыстар «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы аясында жүргізілген.

Атап айтсақ, аудандағы «Сталелитейная» көшесіндегі саябақтағы, №95 мектеп-гимназиясы жанындағы шағын алаңдағы және Магнитогорская көшесі, 1а шағын алаңындағы тозығы жеткен орындықтар жаңартылды.
Барлық жұмыс мемлекеттік сатып алулар электронды порталы арқылы жүргізілген. Нәтижесінде «Оразбаев» ЖК-мен шарт жасалып, 50 жаңа орындық орнатылды. Аудан әкімдігі жаңадан орнатылған орындықтар қыс мезгілінде алынбайтынын мәлімдеді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz