Ұлытау

Жаңа монша ашылды

Жақында Ұлытау ауданының орталығында жаңа жекеменшік монша іске қосылды. Тұрғындар игілігіне ұсынылған әлеуметтік маңызы зор нысанның иегері – жергілікті іскер азамат Алмат НҰРСЕЙІТОВ.

Жаңа моншаның ашылу рәсімінде қалың қауым оңтайлы орындалған іске ризашылықтарын білдіріп, қариялар ақ баталарын берсе, ақжаулықты аналардың көнеден жеткен, көнермеген салт бойынша күмістен шашу шашуы халықтың ақжарма пейілін айғақтап берді.

Заманауи талаптарға барынша лайықты салынған моншада жуыну құны да қолжетімді.

Селоның шеткері аумағындағы Тайжан көшесі мен сол төңіректегі тұрғындар енді орталықтағы қоғамдық моншаға сабылмайтын болғандары үшін аса қуанышты.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

ҰЛЫТАУ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button