Жаңа қаріп қиындық тудырмайды

Мен Елбасы ұсынған латын қарпіне көшу бастамасын толығымен қолдаймын. Өз басым дәрігер ретінде латын қаріптерін көптеп қолданамын. Себебі, мен еңбек ететін қызмет саласы – латын әліпбиіне тәуелді. Бұл сөзімді өзге дәрігерлер де құп көреді деп ойлаймын. Сондықтан, Президенттің бұл бастамасы мен үшін шынымен де қуанышты жаңалық.

Меніңше, латын әліпбиіне көшудің ешқандай қорқынышы жоқ. Өйткені, бұл – уақыт талабы. Ақпараттық технологиялар заманында дәуірмен бірге қадам басу қажет. Біздің құнды әдеби, ғылыми мұраларымыздың латын қарпінде таңбалануы – қуаныш емей немене?

Біз сөйте отырып әлемдік құндылықтарға қарай үлкен қадам жасаймыз. Мұнымен қоса, жаһан жұртшылығы да біздің жетістіктерімізге жақындай түсу мүмкіндігіне ие болмақ.

Парламенттік тыңдау – қарым-қатынас жасаудың, мәдениеті, ғылымы, білімнің үздік жолын әзірлеуге деген жаңа, заманалық қадамның бастауы. Мен өзім де латын қарпімен жазылған қазақша кітаптарды оқыдым. Сондықтан, оның қабылдануы жеңіл екендігіне сендіргім келеді. Ең бастысы – аға буын өкілдері де бұл қаріпті түсінуде асқан қиындық көрмейді.

Гүлдана СЛАМОВА,

дәрігер-эпидемиолог.

НҰРА ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.